Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7291 болып тіркелді) мынадайөзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақтың 3), 4), және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кондоминиум объектісі - жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте бола алмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, ортақ үлестік меншік құқығындағы қоймалардың меншік иелеріне тиесілі ортақ мүліктен тұратын бірыңғай мүліктік кешен, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі-кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, төбелер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдаланылатын мүлік;";
"9) көп пәтерлі тұрғын үйдің кондоминиумы (бұдан әрі-кондоминиум) -пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар жеке (бөлек) меншікте болатын, ал жеке (бөлек) меншікте болмайтын бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне ортақ үлестік құқықта тиесілі болатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген меншік нысаны көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда;";
Қағидалардың 4 және 5-тармақтары алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Самарханұлы |