Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 08 шілдедегі Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі Ақанбарақ ауылының Центральная көшесі Еркін Әуелбеков көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Шаинов |