"Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 69 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 мамырда № 5010-06 болып тіркелді

      Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28586 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулы қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы 5 мамырдағы
№ 69 қаулысымен бекітілген

Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымда рындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны

Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге)

Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар

Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар

Түзету үлгісіндегі топтардың тәрбиеленушілері

Туберкулез, аллергия ауруларымен, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтардың тәрбиеленушілері

Мектепке дейінгі жарты күн болатын шағын орталықтар

ауыл

қала

ауыл

қала

ауыл

қала

1.

30 964

50 347

45 603

91 162

81 278

75 725

67 818

22 017

19 909


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады