Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 1785 "Атырау қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 1356 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 маусымда № 5051-06 болып тіркелді

      Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 1785 "Атырау қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3361 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасының 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Н. Ермуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады