Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің Дамбы, Амангелді ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 17 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 5002-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Дамбы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі Дамбы ауылындағы көшелеріне атаулар берілсін:

      № 3 көшеге - "Есқали Әбішев" көшесі;

      № 4-а көшеге - "Әмір Орынбасаров" көшесі;

      № 7 көшеге - "Өтеғали Теміров" көшесі;

      № 8 көшеге - "Карим Қапаров" көшесі;

      № 9 көшеге - "Бабаш Құспанов" көшесі;

      № 10 көшеге- "Шарапиден Шаңбаев" көшесі;

      № 11 көшеге - "Бапылтай Қазанбекова" көшесі;

      № 12 көшеге - "Роза Байзуллина" көшесі;

      № 13 көшеге - "Қабидолла Мүрсәлімов" көшесі.

      2. Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі Амангелді ауылындағы көшесіне атау берілсін:

      № 1- көшеге "Сейдіқұл Бекешов" көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дамбы ауылдық округі әкімі У. Байзуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады