Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 21.06.2024 № 19-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3352 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.";
көрсетілген шешімнің қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен айқындалатын тәртіппен есептейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген).".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Қ. Мыңбаев |