Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 183 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 тамызда № 5071-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Махамбет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 "Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 болып тіркелген);

      2) 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 214 ""Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі К. Нурлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады