Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 04.08.2023 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 – бабының 2 – тармағының 5–8) тармақшасына сәйкес және су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру мақсатында, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары З. Мұқашқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Рысқалиев |
Махамбет аудандық әкімдігінің 2018 жылғы "27" ақпандағы № 51 қаулысына қосымша |
Атырау облысы Махамбет ауданындағы су обьектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары
1. Махамбет ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі Жайық өзенінің учаскелері:
1) Ақтоғай ауылдық округіндегі Атамбаев ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N 47° 59.780ʹ Е 051° 37.477ʹ координаттармен, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 59.780ʹ Е 051° 37.489ʹ координатаррымен, ұзындығы 720 метр;
2) Ақжайық ауылдық округіндегі Ақжайық ауылының сорғы бекетінен бастап N 47° 52.594ʹ Е 051° 37.806ʹ координаттарымен, Ақтоғай ауылдық округіндегі Кенөріс елді-мекенін қоса, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске, N 47° 52.514ʹ Е 051° 37.097ʹ координаттарымен, ұзындығы 880 метр;
3) Ақтоғай ауылдық округіндегі Ақтоғай ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінен N 47° 47.858ʹ Е 051° 35.584ʹ координаттармен, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 47.616ʹ Е 051° 36.564ʹ координатаррымен, ұзындығы 1000 метр;
4) Махамбет ауылдық округіндегі Сарытоғай ауылынан жоғары, сутазартқыш бекетінен бастап N 47° 43.801ʹ Е 051° 34.452ʹ координатармен, Махамбет ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске (автожолдар көпірінен бастап 50 метрге дейін) N 47° 38.896ʹ Е 051° 35.545ʹ кординаттармен, ұзындығы 6000 метр;
5) Жалғансай ауылдық округіндегі Жалғансай ауылына қарсы сорғы бекетінен бастап N 47° 36.868ʹ Е 051° 36.930ʹ координаттарымен, ауылдың оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 36.094ʹ Е 051° 37.698ʹ координаттармен, ұзындығы 2050 метр;
6) Сарайшық ауылдық округіндегі Сарайшық ауылына қарсы, сутазартқыш ғимаратынан бастап N 47° 30.862ʹ Е 051° 42.553ʹ координатармен, ауылдың оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 30.199ʹ Е 051° 44.255ʹ кординаттармен, ұзындығы 2050 метр;
7) Бейбарыс ауылдық округіндегі Бейбарыс ауылына қарсы су тазартқыш ғимаратынан бастап N 47° 27.672ʹ Е 051° 47.298ʹ координаттармен, ауылдың оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 26.475ʹ Е 051° 49.144ʹ координаттармен, ұзындығы 3000 метр;
8) Бейбарыс ауылдық округіндегі Талдыкөл ауылына қарсы оның солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N 47° 20.598ʹ Е 051° 53.272ʹ кординаттармен, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 20.237ʹ Е 051° 52.585ʹ координаттармен, ұзындығы 2000 метр;
9) алынып тасталды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 29.09.2020 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Махамбет ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі су обьектілері:
1) Глухой ескі арнасы – Ақтоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан;
2) Бақсай ескі арнасы – Ақтоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан;
3) Сарайшық ескі арнасы – Сарайшық ауылдық округінің аумағында орналасқан;
4) Сорочинка ескі арнасы – Бейбарыс ауылдық округінің аумағында орналасқан;
5) 8-ауыл ескі арнасы – Ақжайық ауылдық округінің аумағында орналасқан;
6) 9-ауыл ескі арнасы – Ақжайық ауылдық округінің аумағында орналасқан;
7) 11-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округінің аумағында орналасқан;
8) 12-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округінің аумағында орналасқан;
9) 13-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округіндегі Ортақшыл ауылының қасында орналасқан;
10) 15-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округіндегі Еңбекшіл ауылының қасында орналасқан;
11) Қызыл-Жар көлі – Есбол ауылдық округіндегі Еңбекшіл ауылының қасында орналасқан;
12) Ұлышығанақ көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан;
13) Гагушкино көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан;
14) Алмағанбет көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан;
15) Қоржым көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан.