Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Махамбет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Мажиев |
шешіміне қосымша |
Махамбет аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 263 "Махамбет ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3142 болып тіркелген);
2. Махамбет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 64 "Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 263 "Махамбет ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3634 болып тіркелген);
3. Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 126 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы № 263 "Махамбет ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі;
4. Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 19 "Махамбет ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4998-06 болып тіркелген).