Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Махамбет ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Мажиев |
Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 19 шешіміне қосымша |
Махамбет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 265,40 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 285,06 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1965,93 |