Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 285-V "Исатай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 30-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 шілдеде № 5065-06 болып тіркелді

      Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының "Исатай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 19 қарашадағы № 285-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3396 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6- бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97- бабының 5- тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына сәйкес, Исатай аудандық мәслихат ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның 3-тармағындағы "тәртібін" деген сөз "қағидаларын" деген сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады