Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 "Индер ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" және 2022 жылғы 7 ақпандағы № 19 "Индер ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 52 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 4990-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 "Индер ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4142 болып тіркелген) және 2022 жылғы 7 ақпандағы № 19 "Индер ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индер ауданының әкімі Д. Шамуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады