Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Индер ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |
Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 маусымдағы № 22-VIII шешіміне қосымша |
Индер ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 160,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 190,00 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1943,28 |