Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шангалаев |
Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы № 54-VIII шешіміне қосымша |
Мақат аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1) Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 325-V "Мақат ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген);
2) Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 49-VI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 325-V "Мақат ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3609 болып тіркелген);
3) Мақат аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 тамыздағы № 122-VІI "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 325-V "Мақат ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.