Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 08.04.2024 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 221 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасының:
1) 7 тармағындағы "Байда ауылдық округі" деген сөз "Бөкейхан ауылдық округі" деген сөзбен және "Котяев" деген сөз "Бөкейхан" деген сөздерімен ауыстырылсын;
2) 16 тармағындағы "Приморье" деген сөз "Теңіз" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (К.Булеков) жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Калиев |