Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 202 және аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 534-VI "Құрманғазы ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы" бірлескен қаулы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 41-VIII шешімі және Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 263 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда № 5090-06 болып тіркелді

      Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 202 және аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 534-VI "Құрманғазы ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 болып тіркелген) бірлескен қаулы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2. Көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің:

      1) 1-тармағының 5) тармақшасындағы "Котяев" деген сөз "Бөкейхан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-тармағының 8) тармақшасындағы "Приморье" деген сөз "Теңіз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. Көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасында:

      1) 5 қосымшадағы "Котяев" деген сөз "Бөкейхан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 8 қосымшадағы "Приморье" деген сөз "Теңіз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев
      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады