Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінің Сырдария елді мекенін есепті деректерден шығару туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 11 мамырдағы № 85 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 12 мамырда № 6267-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес және Арыс қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 45 "Түркістан облысының әкімдігіне елді мекенді есептік деректерден шығаруға ұсыныс енгізу туралы" қаулысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінің Сырдария елді мекені, оның Арыс қаласының құрамына енгізілуіне байланысты есепті деректерден шығарылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Кенжеханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады