"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4709 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |