"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 337 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4345 болып тіркелген);
2) "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 337 "Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 қарашадағы № 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5921 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |