Түркістан облысы Шардара ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 7/94-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6433-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Шардара ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылдық округіне қарасты Шабырлы және Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Пішентөбе елді мекендері таратылсын.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д.Сатыбалды
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады