ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы "Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 534 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26252 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ж. Тасов |
Кентау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 325 |
Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Кентау қаласы | 2,15 |
2 | Ащысай аулы | 1,85 |
3 | Байылдыр ауылы | 1,95 |
4 | Қарнақ ауылы | 1,95 |
5 | Хантағы ауылы | 1,90 |