"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 – қосымшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысының | |
міндетін уақытша атқарушы | Д. Кубеев |
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 9/56-VIII шешіміне 1 қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 21.02.2024 № 11/69-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі–Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қазығұрт ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 16.10.2024 № 18/118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
2- тарау. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi
5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Осы тармақшада көрсетілген адамдарға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуына 35 жылдығына орай 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясандағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
Социалистік Еңбек Ерлеріне, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге, 435 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Мерзімді басылымдарға жазылу үшін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 6 шілде – Астана күні:
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған мүгедектігі бар балаларға, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 1 қазан – Қарттар күні:
үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттарға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға, 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға, санаторийлік – курорттық емделуге жолдама түрінде;
3) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың санаторийлік – курорттық емделу кезінде ілесіп жүретін адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) материалдық - тұрмыстық қиын жағдайға ұшыраған аз қамтамасыз етілген, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (адамдарға), ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерінде.
7. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына ай сайын көрсетіледі:
1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтыру медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған балалары бар отбасыларға;
бала кезінде адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру жұқтырған адамдарға, ай сайын, ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң екі есе мөлшерiнде;
3) туберкулез аурумен ауратын адамдарға, амбулаториялық емдеу кезеңінде, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұсынған тізім бойынша, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет көрсетіледі:
1) мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін мүгедектігі бар адамдарға – екі жылда бір рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жеке тұрғын үйіне зиян келтірілген жағдайда, табысы есепке алмай, отбасына әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болғанға, табысты есепке алмай, бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 16.10.2024 № 18/118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
10. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қазығұрт ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
13. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
3-тарау. Қорытынды ереже
14. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 9/56-VIII шешіміне 2 қосымша |
Қазығұрт аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5483 болып тіркелген);
2) Қазығұрт аудандық мәслихатының "Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 55/341- VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 болып тіркелген);
3) Қазығұрт аудандық мәслихатының "Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 21 шілдедегі № 60/368-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5743 болып тіркелген);
4) Қазығұрт аудандық мәслихатының "Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 16 наурыздағы № 5/19-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген);
5) Қазығұрт аудандық мәслихатының "Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 4 наурыздағы № 22/94-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27166 болып тіркелген);
6) Қазығұрт аудандық мәслихатының "Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 17 мамырдағы № 3/21-VIІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6284-13 болып тіркелген).