Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 5/19-VII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 21 сәуірде № 6173 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 9/56-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 20.12.2023 № 9/56-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 54/336-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5483 тіркелген, 2020 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3 тармақтың 1), 3), 4), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы.";

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      16 тармақтың 1 және 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      1-қосымша алып тасталсын;

      3-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Батырбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Копеев

  Қазығұрт аудандық мәслихаттың
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 5/19-VII шешіміне қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың үлгілік
қағидаларына
3-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20 жылғы " " _________________________________________________________________
(елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________ _______________________________________________________________________
2. Тұратын мекен жайы ___________________________________________________
_______________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі
қиын жағдай _________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесініңаты(бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында
қылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
ОтбасындаҰлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне
теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің,
зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарта дамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар
дамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзгесанатты қосу қажет)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік
ұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
_____________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______ _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың:
Автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны
айдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны
пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ____________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі:
______________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ____________________________________________________
Комиссия мүшелері: ___________________________________________________
___________________________ __________________________________________
___________________________ __________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесініңаты)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
_______________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және қолы
_______________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады