Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақтаарал ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Мақтарал ауылдық округі Қазақ ССР-ң 40 жылдығы ауылының шекарасына 8.94 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Мақтарал ауылдық округі Қазақ ССР-ң 40 жылдығы ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 62.24 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Мақтарал ауылдық округі Еңбекші ауылының шекарасына 15,51 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Мақтарал ауылдық округі Еңбекші ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 17,57 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылының шекарасына 11,88 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 118,1481 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шекарасына 17,05 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 269,28 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысының және Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысы және Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал ауданының әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сарсекбаев |