Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 523 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-43-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 6343-13 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі мен Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл елді мекенінің шекарасы өзгертілсін:

      1) 103,19 гектар жер учаскесі Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 372,47 гектар;

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал ауданының әкімі Б. Асанов
      Мақтаарал аудандық
      мәслихатының төрағасы К. Сарсекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады