Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Отырар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы № 26/157-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |