"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Отырар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының әкімі | С. Султанханов |
2023 жылғы 28 қарашадағы № 251 қаулысымен бекітілген |
Отырар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
1) Отырар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;
2) Отырар ауданы әкімінің Алғыс хаты;
3) ақшалай сыйақы;
4) құнды сыйлық.
2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Отырар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отырар ауданының ПБ) енгізеді;
3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
4) Отырар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Отырар ауданының ПБ жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.