Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Жылға, Қабланбек, Жемісті және Тегісшіл ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2-26-VIII бірлескен шешімі және Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 141 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 24 мамырда № 6296-13 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Жылға, Қабланбек, Жемісті және Тегісшіл ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

      1) Құркелес ауылдық округінің Құркелес елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 71,71 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Құркелес елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 307,06 гектар шекарасында белгіленсін;

      2) Құркелес ауылдық округінің Ақниет елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 5,60 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Ақниет елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 224,6 гектар шекарасында белгіленсін;

      3) Жылға ауылдық округінің Қарақалпақ елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 759,41 гектар жерлерді қосу арқылы, Жылға ауылдық округінің Қарақалпақ елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2827,27 гектар шекарасында белгіленсін;

      4) Жылға ауылдық округінің Жылға елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 753,4 гектар жерлерді қосу арқылы, Жылға ауылдық округінің Жылға елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 3267,20 гектар шекарасында белгіленсін;

      5) Қабланбек ауылдық округінің Сіргелі елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,83 гектар жерлерді қосу арқылы, Қабланбек ауылдық округінің Сіргелі елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 225,66 гектар шекарасында белгіленсін;

      6) Жемісті ауылдық округінің Жемісті елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 81,64 гектар жерлерді қосу арқылы, Жемісті ауылдық округінің Жемісті елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 239,4 гектар шекарасында белгіленсін;

      7) Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1277,28 гектар жерлерді қосу арқылы, Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1585,72 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев
      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады