Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 09 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 6240-13 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шеңгелді ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округі Шеңгелді ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге Түркістан көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшеге Сарыағаш көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшеге Береке көшесі;

      № 4 атауы жоқ көшеге Сарқырама көшесі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,
      Жылға ауылдық округінің әкімі Г. Бижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады