Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Тастұмсық ауылының басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тастұмсық ауылдық округінің Тастұмсық елді мекені шекарасына Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,87 гектар жерлерді қосу арқылы, Тастұмсық елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 216,06 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас ауданының әкімі | Н. Изтилеуов |
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |