Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкiбас ауданы Түлкібас кенті әкімінің 2023 жылғы 1 шілдедігі № 69 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 3 шілдеде № 6320-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көктерек ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 мамырдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түлкібас ауданы Түлкібас кенті Көктерек ауылының атауы жоқ көшесіне Достық атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас кенті әкімі Б. Жартыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады