"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 29-189-V "Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2751 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | А. Карсыбаев |