Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 9-49-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 16 қазанда № 6376-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Шардара аудандық мәслихатының "Шардара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 22-147-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 болып тіркелген);

      2) Шардара аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 22-147-VI "Шардара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 57-361-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Раймуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады