Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 6 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 7 ақпанда № 6237-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінің Достық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 атауы жоқ көшеге – Түркістан көшесі;

      2) № 2 атауы жоқ көшеге – Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      3) № 3 атауы жоқ көшеге – Жәңгірхан көшесі;

      4) № 4 атауы жоқ көшеге – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;

      5) № 5 атауы жоқ көшеге – Ұлы Дала көшесі;

      6) № 6 атауы жоқ көшеге – Мұстафа Шоқай көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Г. Байдосов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады