Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 66 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2023 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 06.12.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанкүнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Жергілікті бюджет | Республикалық бюджет | ||
Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге | ||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 38 803 | 388 030,000 | 21 635 | 216 350,000 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 8 934 | 134 010,000 | 7 668 | 115 020,000 | |
2. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 634 | 95 100,000 | 979 | 146 750,000 |
3. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||||
3.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 150 000 | 1 705 | 255 750,000 | 798 | 119 700, 000 |
3.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 23 | 5 175,000 | 51 | 11 475,000 | |
4. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы килограмм | 200 | 43 273 | 8 654,600 | - | - |
Барлығы: | 886 719,600 | 609 295,000 | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | ||||||
1.1 | Қос жынысты | Сатып алынған доза | 5 000 | 3 462 | 17 310,000 | 169 | 845,000 |
1.2 | Бір жынысты | Сатып алынған доза | 10 000 | 3 700 | 37 000,000 | ||
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||||
2.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 200 000 | 49 | 7 350,000 | 152 | 30 400,000 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 20 889 722 | 940 037,490 | 11 218 097 | 504 814,365 |
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар | 30 | 13 237 921 | 395 222,790 | 9 783 731 | 293 511,935 | |
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар | 20 | 5 436 568 | 108 731,360 | 1 921 830 | 38 436,560 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 272 091 | 5 441,820 | - | - | |
Барлығы: | 1 511 093,460 | 868 007,860 | |||||
Етті құс шаруашылығы | |||||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 600 | 43 156 | 25 893,600 | 32 463 | 19 477,800 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||||
2.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 80 | 24 357 198 | 1 948 575,840 | 37 044 023 | 2 963 521,840 |
Барлығы: | 1 974 469,440 | 2 982 999,640 | |||||
Шошқа шаруашылығы | |||||||
1. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/шағылыстыру маусымы | 40 000 | 2 700 | 108 000,000 | 452 | 18 080,000 |
Барлығы: | 108 000,000 | 18 080,000 | |||||
Қой шаруашылығы | |||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 4 000 | 14 187 | 56 748,000 | 10 302 | 41 208,000 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 35 003 | 87 507,500 | 20 625 | 51 562,500 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 15 000 | 5 357 | 80 355,000 | 963 | 14 445,000 |
Барлығы: | 224 610,500 | 107 215,500 | |||||
Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен: | |||||||
Бал ара шаруашылығы | |||||||
1. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Бал ара ұясы/маусым | 5 000 | 12 950 | 64 750,000 | - | - |
Барлығы: | 64 750,000 | ||||||
Марал шаруашылығы | |||||||
1. | Маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 617 | 6 170,000 | - | - |
Барлығы: | 6 170,000 | ||||||
Жиыны сома | 4 775 813,000 | 4 585 598,000 | |||||
Сот шешімі бойынша | |||||||
Етті құс шаруашылығы | |||||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||||
1.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 60 | 2 579 661 | 154 779,660 | - | - |
Барлығы: | 154 779,660 | ||||||
Жиыны сома: | 154 779,660 |