Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 257 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 8927-16 болып тіркелді

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8333 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 қарашадағы
№ 257 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

    №

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

Алтай ауданы

1

Никольское 2 қорымы, қола және ерте темір дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Бородино ауылының және Кремнюха ауылының арасында

2

Таволжанка 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Алтай және Катонқарағай аудандарының шекарасындағы Таволжанка өзені балықшылары тұрағының жанында

3

Таволжанка 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Таволжанка өзенінің оң жағасында, Алтай және Катонқарағай аудандарының шекарасында

4

"Горняк" мәдениет үйі, ХХ ғасырдың 50 жылдары

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Алтай қаласы, Садовая көшесі, 1

5

В.И. Ленин ескерткіші, мүсінші А. Попов, сәулетші В. Артамонов, 1962 жыл

монументтік өнер құрылысы

Алтай қаласы, орталық алаң

6

В.И. Чапаевтың бюсті, мүсінші П.Б. Шишков, 1968 жыл

монументтік өнер құрылысы

Чапаево ауылы, № 21 кәсіптік мектептің аумағында

7

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1920 жыл

монументтік өнер құрылысы

Алтай қаласы, орталық саябақ

8

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1920-1930 жылдар

монументтік өнер құрылысы

Серебрянск қаласы, Бұқтырма көшесі

9

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1930 жыл

монументтік өнер құрылысы

Снегирево ауылы, мектеп аумағында

10

Питер Коммунарларына ескерткіш, 1983 жыл 

монументтік өнер құрылысы

Снегирево ауылы, Алтай-Өскемен тас жолының бойында 

11

С. Малей жазаланған жердегі құлпытас, 1919 жыл

монументтік өнер құрылысы

Шумовское ауылы

12

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің даңқ мемориалы, 1985 жыл

монументтік өнер құрылысы

Алтай қаласы, орталық саябақ

Глубокое ауданы

13

Березовка 1 моласы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Березовкадан Барашки ауылына барар жолда, Березовка ауылының солтүстік-батыс шетінде, Өскемен қаласына қарай жолдан 0,2 км

14

Березовка 2 моласы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Березовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км

15

Березовка-Побока қонысы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Березовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км

16

Прапорщиково 1 моласы, датасы анықталмаған 

археология ескерткіші

Прапорщиково ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км

17

Предгорное моласы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Предгорное ауылының шетінен солтүстік-батысқа қарай 0,2 км, зираттың сыртында

18

Уварово 2 қорған тобы, датасы анықталмаған 

археология ескерткіші

Уварово кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км

19

Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластар бейіті, 1920 жыл 

монументтік өнер құрылысы

Предгорное ауылы, Киров көшесі, 52  

20

Кеңес Одағының батыры Н.С. Шелеховқа ескерткіш, мүсінші П.Б. Шишов, сәулетші А.А. Миронов, 1968 жыл

монументтік өнер құрылысы

Уварово ауылы, Қазақстан көшесі, 9/1

21

Көпес Быковтардың үйі, ХІХ ғасырдың соңы 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Предгорное ауылы, Школьный тұйық көшесі

Зайсан ауданы

22

Кеңсай моласы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Кеңсай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,8 км

23

Қарабұлақ моласы, біздің эрамызға дейінгі V ғасыр - XII ғасыр

археология ескерткіші

Қарабұлақ ауылынан солтүстікке қарай 15,4 км

24

Қарабұлақ 1 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасыр

археология ескерткіші

Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5,2 км

25

Қарабұлақ 2 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасыр

археология ескерткіші

Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 9,1 км

26

Қарабұлақ 3 қорымы, датасы анықталмаған

археология ескерткіші

Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км

27

Қарабұлақ 4 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасыр

археология ескерткіші

Қарабұлақ ауылынан оңтүстік- оңтүстік-шығысқа қарай 7,3 км

28

Қарабұлақ 5 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасыр

археология ескерткіші

Қарабұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 5,5 км

29

Өкей петроглифтер тобы, неолит

археология ескерткіші

Талды ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, Өкей-Базы шатқалы

30

Сарши қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр - ІІІ ғасыр

археология ескерткіші

Кеңсай ауылынан оңтүстікке қарай 16,4 км

31

Алтын өнеркәсіпшісі П.Г. Сорокиннің үйі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі, 25

32

А. Тоқсанбаевтың үйі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Малдыбаев көшесі, 53

33

А.Ф. Казариновтың үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Қабанбай көшесі, 10

34

Әйелдер медресесі, сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 12

35

Әулие Николай православиелік храмы (әскери собор), сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 1, шекара жасағының аумағы

36

Ерлер медресесі, сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Қасейінов көшесі, 23

37

1915-1919 жылдары ақын С. Торайғыров пәтерде тұрған көпес М. Шелкудиновтың үйі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 42

38

Ж. Абылхановтың үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, 1906-1907 жылдар

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 27

39

Көпес А.В. Собачкиннің үйі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Ибраев көшесі, 1

40

Көпес Т. Бекчентаевтың үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, 1906-1907 жылдар

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 11

41

Көпес Т. Бекчентаевтың дүкені, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі, 16

42

Көпес Б. Бобкиннің үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, 1891-1894 жылдар

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Абылай хан көшесі, 27

43

Көпес Ғабдырасылдың үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі, 15

44

Көпес Ж. Татановтың үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 54

45

Көпес Х. Ерзиннің дүкені, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Абай көшесі, 69

46

Көпес Х. Ерзиннің үйі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 26

47

Көпес Семеновтың дүкені, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 22

48

Көпес С. Манаповтың үйі, 1900 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 22

49

Қалалық түрме, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі, 43

50

С. Абылхановтың үйі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 23

51

С. Мергенбаевтың үйі, сәулетші Б. Сәтбаев, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Абылай хан көшесі, 30

52

Мешіт, сәулетші Б. Сәтбаев, 1909 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Қасейінов көшесі, 21

53

М.Н. Пржевальскийдің 3-ші "Тибет" саяхаты кезінде тоқтаған Зайсан кеденінің ғимараты, 1868 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Бөгенбай көшесі, 4

54

Үш кластық приход училищесі, ХІХ ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Зайсан қаласы, Ибраев көшесі, 3

55

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1920-1922 жылдар

ансамбльдер мен кешендер

Зайсан қаласы, қалалық әкімдік алдындағы орталық алаң

56

Абай бюсті, авторы Б. Құсайынов, 2017 жыл

монументтік өнер құрылысы

Зайсан қаласы, Абай атындағы саябақ

57

Шекарашылардың бауырластық бейіті, ХХ ғасырдың 30 жылдары 

монументтік өнер құрылысы

Майқапшағай ауылынан 10 км, Зайсан-Үрімші тас жолындағы "Майқапшағай" шекара пункті, жол бойында

Катонқарағай ауданы

58

Большенарым 1 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі 

археология ескерткіші

Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км 

59

Большенарым 2 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км 

60

Жұлдыз 1 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Жұлдыз ауылынан шығысқа қарай 1,9 км 

61

Жұлдыз 2 қорғандар тобы, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ-ІХ ғасыр

археология ескерткіші

Жұлдыз ауылынан шығысқа қарай 2,9 км, Көкбастау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км, Алтынбел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3-3,5 км

62

Жұлдыз 3 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ-ІХ ғасыр

археология ескерткіші

Жұлдыз ауылынан Алтынбел ауылына қарай жол бойымен 3,5 км

63

Майемер қорғандар тобы, біздің дәуірімізге дейінгі IX-VIII ғасыр

археология ескерткіші

Майемер ауылының айналасы

64

Майемер қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі IX-VIII ғасыр

археология ескерткіші

Майемер ауылынан шығысқа қарай 

65

Үштөбе қорғандар тобы, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ-ІХ ғасыр

археология ескерткіші

Үштөбе ауылынан солтүстікке қарай 0,1 км 

66

Жазушы О. Бөкейдің музей-үйі, ХХ ғасырдың 40 жылдары 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Шыңғыстай ауылы, оңтүстік шетте 

67

Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қаза тапқан жауынгер шекарашылардың бауырластық бейіті, 1931-1945 жылдар

монументтік өнер құрылысы

Өрел ауылы, "3/93" комендатура ғимаратының жанында 

68

Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1919 жыл

монументтік өнер құрылысы

Үлкен Нарын ауылынан солтүстікке қарай 1 км 

69

Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1920 жыл

монументтік өнер құрылысы

Коробиха ауылы, мектептің ауласында 

70

О. Бөкейдің бюсті, 2000 жыл

монументтік өнер құрылысы

Шыңғыстай ауылы, музей-үйдің оңтүстік шетінде

71

"Шындағатұй" заставасының мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қаза тапқан политругы А.А. Чазовтың қабіріндегі ескерткіш, 1932 жыл

монументтік өнер құрылысы

Аршаты ауылынан шығысқа қарай 40 км, Шындағатұй шекара заставасы

72

Даңқ ордендерінің толық кавалері А. Құсметовқа мемориалдық тақта, ХХ ғасырдың 70 жылдары 

ансамбльдер мен кешендер

Көктерек ауылы, ауылдың орталығында

73

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған "Қаралы ана" мемориалы, 1978 жыл

ансамбльдер мен кешендер

Үлкен Нарын ауылы, ауылдық саябақта

Күршім ауданы

74

Алексеевка 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км 

75

Алексеевка 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км

76

Алексеевка 3 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км

77

Алексеевка 4 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км

78

Арқауыл 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км 

79

Арқауыл 2 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 13 км 

80

Арқауыл 3 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км

81

Арқауыл 4 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16,5 км

82

Арқауыл 5 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 12 км

83

Арқауыл 6 қорымы, ерте темір және ерте ортағасыр дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 12 км

84

Арқауыл 7 қорымы, XIII-XVI ғасырлар

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км

85

Арқауыл 8 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 11 км

86

Арқауыл 9 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км

87

Арқауыл 10 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 10 км

88

Арқауыл 11 қорымы, XIII-XVI ғасырлар

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 12 км

89

Арқауыл 12 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 6 км

90

Арқауыл 13 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 11 км

91

Арқауыл 14 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 25 км

92

Арқауыл 15 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 25 км

93

Арқауыл 16 қорғандар тобы, XIII-XVI ғасырлар

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км

94

Арқауыл 17 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км

95

Арқауыл 18 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 20 км

96

Арқауыл 19 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстікке қарай 12 км

97

Әулие 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км

98

Әулие 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км

99

Бобровка 1 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Төсқайың ауылының оңтүстік шеті 

100

Бобровка 2 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Төсқайын ауылынан шығысқа қарай 2 км 

101

Былғары-Табыты 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Былғары - Табыты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,8 км

102

Былғары-Табыты 2 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдық - VIII ғасыр  

археология ескерткіші

Былғары - Табыты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км

103

Былғары-Табыты 3 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Былғары-Табыты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км

104

Былғары-Табыты 4 қорымы, ерте темір және ерте ортағасыр дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Былғары-Табыты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км

105

Былғары-Табыты 5 қорымы, ерте темір және ерте ортағасыр дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Былғары-Табыты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км

106

Былғары-Табыты 6 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдық - І мыңжылдық  

археология ескерткіші

Былғары-Табыты ауылының батыс шеті

107

Былғары-Табыты 7 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдық - І мыңжылдық  

археология ескерткіші

Былғары-Табыты ауылынан шығысқа қарай 2,5 км

108

Бурабай 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бурабай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,5 км 

109

Бурабай 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бурабай ауылының оңтүстік-батыс шеті

110

Еңбек 1 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік- солтүстік-шығысқа қарай 8 км

111

Еңбек 2 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан шығысқа қарай 1 км

112

Еңбек 3 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 км 

113

Еңбек 4 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 0,5 км

114

Еңбек 5 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 0,8 км

115

Еңбек 6 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км

116

Еңбек 7 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км

117

Еңбек 8 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан шығысқа қарай 1 км

118

Еңбек 9 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км

119

Еңбек 10 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік- солтүстік-шығысқа қарай 8,5 км

120

Еңбек 11 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Еңбек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км

121

Еңбек 12 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдық - VIII ғасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6,5 км

122

Еңбек 13 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7,5 км

123

Жаңаауыл 1 қорымы, ерте орта ғасыр

археология ескерткіші

Жаңаауыл ауылынан солтүстікке қарай 3 км

124

Жаңаауыл 2 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жаңаауыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км

125

Жаңаауыл 3 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Жаңаауыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км

126

Жаңаауыл 4 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жаңаауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3,5 км

127

Жылытау 1 қорымы, IV-VIII ғасырлар

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км

128

Жылытау 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км

129

Жылытау 3 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км

130

Жылытау 4 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км

131

Жылытау 5 қорымы, қола және ерте темір дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км

132

Жылытау 6 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км

133

Жылытау 7 жеке қорған, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км

134

Жылытау 8 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан шығысқа қарай 5 км

135

Жылытау 9 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км

136

Жылытау 10 қорымы, қола және ерте темір дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан шығысқа қарай 2,5 км

137

Жылытау 11 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км

138

Жылытау 12 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан шығысқа қарай 0,25 км

139

Жылытау 13 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық - VIII ғасыр  

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км

140

Жылытау 14 қорымы, қола және ерте темір дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан шығысқа қарай 3,5 км

141

Жылытау 15 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан шығысқа қарай 4,5 км

142

Жылытау 16 "мұртты" жеке қорған,  III-V ғасырлар  

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан шығысқа қарай 6 км

143

Жылытау 17 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдық - VIII ғасыр 

археология ескерткіші

Жылытау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км

144

Қалғұты 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстікке қарай 2,5 км 

145

Қалғұты 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км

146

Қалғұты 3 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км

147

Қалғұты 4 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5,5 км

148

Қалғұты 5 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылының солтүстік-батыс шеті 

149

Қалғұты 6 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылының солтүстік-шығыс шеті

150

Қалғұты 7 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдық - VIIІ ғасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылының солтүстік шеті

151

Қалғұты 8 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан оңтүстік –шығысқа қарай 2,5 км

152

Қалғұты 9 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан оңтүстік- оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км

153

Қалғұты 10 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан шығысқа қарай 3 км

154

Қалғұты 11 қорымы, ерте ортағасыр дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км

155

Қалғұты 12 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3,5 км

156

Қалғұты 13 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км

157

Қалғұты 14 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,2 км

158

Қалғұты 15 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км

159

Қалғұты 16 қорымы, датасы анықталмаған

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км

160

Қалғұты 17 қорымы, қола және ерте темір дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7,5 км

161

Қалғұты 18 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық - VIIІ ғасыр

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан шығысқа қарай 10 км

162

Қалғұты 19 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қаратоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км

163

Қойтас 1 қорымы, ерте темір және ерте ортағасыр дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Қойтас ауылының оңтүстік шеті

164

Қойтас 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қойтас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км

165

Қойтас 3 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Қойтас ауылының солтүстік-батыс шеті

166

Қойтас 4 қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Қойтас ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км

167

Қойтас 5 қорымы, қола дәуірі, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Қойтас ауылынан батысқа қарай 1 км

168

Қойүзек қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Бесжылдық ауылынан шығысқа қарай 10,5 км

169

Күршім петроглифтер тобы, біздің дәуірімізге дейінгі І-ІІ мыңжылдық

археология ескерткіші

Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км

170

Қызыл-Арал қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,154 км

171

Қыстау-Күршім қорымы, қола және ерте темір дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Қыстау-Күршім ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км

172

Мойнақ петроглифтер тобы, біздің дәуірімізге дейінгі І-ІІ мыңжылдық 

археология ескерткіші

Бесжылдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км, Мойнақ шатқалы

173

Песчаный карьер 1 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасыр - ІІ ғасыр

археология ескерткіші

Бесжылдық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км

174

Песчаный карьер 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бесжылдық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6,5 км

175

Тюлькун петроглифтер тобы, біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық - ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Бесжылдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км, Тюлькун жотасы

176

Успенка қорымы, ерте темір және ерте орта ғасыр дәуірлерінің қарсаңы

археология ескерткіші

Ақжайлау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км

177

Шірікаяқ 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Шірікаяқ кенішінен шығысырақ 15,5 км

178

Шірікаяқ 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Шірікаяқ кенішінен шығысырақ 25 км

179

Барақ батырға ескерткіш, 2000 жыл

киелі объект

Теректібұлақ ауылы, мәдениет үйінің алдында

180

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің Күршім филиалы (әскери комиссариаттың бұрынғы ғимараты), ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 23

181

Б. Момышұлының бюсті, датасы анықталмаған

монументтік өнер құрылысы

Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, орталық алаң

182

В. В. Бунтовских ескерткіші, ХХ ғасырдың 70 жылдары  

монументтік өнер құрылысы

Барақ батыр ауылы, Бунтовских көшесі, мәдениет үйінің алдында 

183

ХХ ғасырдың 30 жылдары аштықтан қайтыс болғандарға арналған ескерткіш, датасы анықталмаған 

монументтік өнер құрылысы

Теректібұлақ ауылы, мәдениет үйінің жанында

184

Ж. Исабеков бейітінің басындағы обелиск, 1959 жыл

монументтік өнер құрылысы

Күршім ауылы, саябақта

185

Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевке ескерткіш, ХХ ғасырдың 90 жылдары  

монументтік өнер құрылысы

Боран ауылы, Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназияның алдында

Риддер қаласы

186

Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттардан қаза тапқан жауынгерлердің бейіті, 1945 жыл 

ансамбльдер мен кешендер

қаланың солтүстік-батысына қарай 11 км, Гавань ауданы

187

"Даңқ құлпытасы" мемориал, 1975-1985 жылдар 

монументтік өнер құрылысы

Гагарин даңғылы, К. Семенова көшесінің қиылысы

район Самар

188

Еспе қорымы (8 қорған), ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Аққала ауылдық округынан солтүстік-батысқа қарай 5 км

189

Малороссийка 1 қорымы (8 қорған), ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Мариногорка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км

190

Мариногорка 1 қорымы (6 қорған), ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Мариногорка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км 

191

Мариногорка 2 қорымы (7 қорған), ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Мариногорка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км

192

Песчанка қорымы, ортағасыр дәуірі

археология ескерткіші

Песчанка ауылынан оңтүстікке қарай 2 км 

193

Песчанка 1 қорымы (26 қоршау), ортағасыр дәуірі

археология ескерткіші

Песчанка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км, Чудак кенішінің жанында

194

Песчанка 2 қорымы (9 қорған), ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Песчанка ауылынан оңтүстікке қарай 600 м

195

Песчанка 3 қорымы, ортағасыр дәуірі

археология ескерткіші

Песчанка ауылынан оңтүстікке қарай 3 км 

196

Чистый Яр қорымы (5 қорған), темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыбел ауылының солтүстік-шығыс шеті

197

А. Имановқа ескерткіш, 1985 жыл

монументтік өнер құрылысы

Көкжыра ауылы, мектеп аумағында 

Тарбағатай ауданы

198

Балакөз моласы, датасы анықталмаған

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15,5 км

199

Покровка моласы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20,9 км

200

Сарыөлең қорымы, біздің заманымыздан бұрынғы V-III ғасырлар

археология ескерткіші

Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4,5 км 

201

Тайжүзген 1 қорымы, біздің заманымыздан бұрынғы V-III ғасырлар

археология ескерткіші

Акмектеп ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км 

202Т

Тайжүзген 2 қорымы, біздің заманымыздан бұрынғы V-III ғасырлар

археология ескерткіші

Тайжүзген 1 қорымынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км 

203

Ардагерлер аллеясы, ХХ ғасырдың 70 жылдары

монументтік өнер құрылысы

Жетіарал ауылы, орталық алаңда

204

Құрман қажы мешіті үйінділер, 1860 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Құйған ауылының іргесінде, Орталас және Құйған өзендерінің аралығында

Ұлан ауданы

205

Алдай петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бұрынғы Алдай ауылынан оңтүстікке қарай 0,5 км, Алдай шатқалы

206

Асу-Бұлақ 1 қалайы әзірлемелер, қола дәуірі 

археология ескерткіші

Асу-Бұлақ кентінен шығысқа қарай 15 км, бұрынғы Чальче ауылының маңы

207

Баймырза 1 қалайы әзірлемелер, қола дәуірі

археология ескерткіші

Бұрынғы Баймырза ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км Жаманжизақ шатқалы

208

Баймырза 2 қалайы әзірлемелер, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Бұрынғы Баймырза ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км; бұрынғы Қалайтопқан кенішінен солтүстікке қарай 1,5 км

209

Бестерек 1 петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бестерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10-12 км, бұрынғы Медведка кенішінің маңы

210

Бестерек 2 петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бестерек ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа және солтүстік- солтүстік-шығысқа қарай 1-10 км

211

Бухтыр 1 қорымы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Бұрынғы Бухтыр ауылында

212

Васильевское петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Мамай батыр ауылынан шығысқа қарай 3-4 км, Қаратөбе шоқысы

213

Герасимовка қорымы, VI-VII ғасырлар

археология ескерткіші

Герасимовка ауылынан солтүстікке қарай 1,5 км

214

Жартас қорғандар тобы, қола дәуірі-ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Гагарино ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2-2,5 км

215

Көкшекөз қорғандар тобы, біздің эрамызға дейінгі 1 мыңжылдық - 1 мыңжылдық қарсаңы

археология ескерткіші

Гагарино ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде 23-26 км, Көкшекөз шатқалы 

216

Қызылсу қорымы, ерте темір дәуірі, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Қызылсу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км

217

Ленинка 1 қорғандар тобы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км

218

Ленинка 2 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км

219

Ленинка 3 қорғандар тобы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км 

220

Ленинка 4 қорғандар тобы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстікке қарай 5 км

221

Ленинка 5 петроглифтер тобы, қола дәуірі-ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км, Сағыр өзенінің бойы және Сағыр шоқысы

222

Ленинка 6 петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстік - оңтүстік-шығысқа қарай 5-15 км, Нарамсақ мекені

223

Ленинка 7 петроглифтер тобы, біздің дәуірімізге дейінгі III-II мыңжылдық қарсаңы 

киелі объекті

Сағыр ауылынан оңтүстікке қарай 3-4 км, Ақбауыр шоқысы 

224

Ленинка 8 петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Сағыр ауылының оңтүстік-батысқа қарай 10 км, Қарасай шатқалы 

225

Ленинка 9 петроглифтер тобы, біздің эрамызға дейінгі III-II мыңжылдық қарсаңы

археология ескерткіші

Сағыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км; Қызылтас ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 0,5-1 км

226

Манат 1 қорғандар тобы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Манат ауылынан солтүстік-батыста 0,25 км 

227

Манат 2 қорғандар тобы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Манат ауылынан оңтүстікке қарай 0,15 км 

228

Предгорное 1 тас қорғандар тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Предгорное ауылынан 5,8 км, Таврическое ауылына қарай жол бойында

229

Предгорное 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Ертіс өзенінің сол жағасы, Предгорное ауылының оңтүстік-батыс шетінде

230

Предгорное 3 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Ертіс өзенінің сол жағасы, Предгорное ауылына қарсы

231

Привольное 1 қорғандар тобы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Южное және Привольное ауылдарының арасында

232

Скалистое қорғандар тобы, ерте ортағасыр

археология ескерткіші

Ізғұтты Айтықов атындағы ауылдың маңы

233

Таврическое 1 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Ақтөбе ауылына барар жолмен Таврия ауылының солтүстік-шығыс шетінде 1,5-2,6 км

234

Таврическое 2 жеке тас қорған, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Таврическое ауылының солтүстік-батыс шетінде 7,5 км, Ақтөбе ауылының жолында

235

Тарғын 1 жеке қорған, кейінгі ортағасыр

археология ескерткіші

Тарғын ауылының маңы

236

Тарғын 2 қалайы әзірлемелер, қола дәуірі

археология ескерткіші

Тарғын ауылынан 7 км, таудың солтүстік баурайы Қарағойын бұлағының маңы 

237

Тоқсанбай петроглифтер тобы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Бұрынғы Тоқсанбай ауылынан 1,5 км, Тоқсанбай шатқалы 

238

Әулие апостолдар Петр және Павел православие храмы, 1913 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Митрофановка ауылы, Набережная көшесі, 4

239

Көпес үйі, ХІХ-ХХ ғасырлар қарсаңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Пролетарка ауылы, Центральная көшесі, 1

240

Кеңес Одағының батыры І. Айтықовтың бюсті, 1965 жыл

монументтік өнер құрылысы

Тарғын ауылы, Нұрғалиев көшесі, 22

241

Кеңес Одағының батыры Т. Тоқтаровқа ескерткіш, 1969 жыл 

монументтік өнер құрылысы

Герасимовка ауылы, Д. Қонаев көшесі, 1

Өскемен қаласы

242

Меновное петроглифтер тобы, қола дәуірі - ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Меновное ауылының маңайы

243

Алтын өнеркәсіпшісі Валитовтың үйі, ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

К. Либкнехт көшесі, 21

244

А.С. Меновщиковтың шарап сақтайтын жертөлесі бар үйі, ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Антон Чехов көшесі, 35

245

Байланыс үйі, сәулетші И. Н. Репинский, 1959 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қазақстан көшесі, 67 

246

Балық өнеркәсіпшісі И. Д. Подойниковтың үйі, 1899 жыл  

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Антон Чехов көшесі, 30 

247

Бухгалтер Жеромскийдың үйі, ХІХ ғасырдың соңы 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қ. Қайсенов көшесі, 60

248

Выдринның үйі, 1910 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

М. Горький көшесі, 60 

249

Е. П. Михаэлис бейіті, 1913 жыл 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Ушанов қалалық зираты, Степное ауылына баратын тас жолдың бойында

250

Жоғарғы қалалық бастауыш училищесі, 1886 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Бейбітшілік көшесі, 29 

251

И. Н. Кожевниковтың шыны және фаянс ыдыстары дүкені, 1914 жыл 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

М. Горький көшесі, 59

252

Коммерсант А. К. Бобровтың дүкені, 1918 жыл 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

М. Горький көшесі, 54 

253

Коммерсант А.К. Бобровтың үйі, ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 31 

254

Көпес А. Рафиковтың лабазы, ХІХ ғасырдың соңы 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

М. Горький көшесі, 50 

255

Көпес үйі, ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 35 

256

Көпес лабазы, ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

М. Горький көшесі, 66 

257

Көпес Курочкиннің үйі негізінде салынған облыстық атқару комитетінің ғимараты, ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Антон Чехов көшесі, 33 

258

Кредиттік серіктестік банкі (1 қабат), ХХ ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Тоқтаров көшесі, 40

259

Құрылысшылар мәдениет үйі, 1952 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Бажов көшесі, 5/1

260

Мариинск әйелдер училищесі, 1901 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қ. Қайсенов көшесі, 67

261

"Мир" кинотеатры, ХХ ғасырдың 50 жылдары

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қабанбай батыр көшесі, 51 

262

Орталық мешіт (бұрынғы приходтық училище), 1897 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қазақстан көшесі, 61

263

№ 13 орта мектеп ғимараты, ХХ ғасырдың 50 жылдары

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Правда көшесі, 3, Аблакетка ауданы

264

О.Ф. Костюриннің механикалық шеберханалары, 1907 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Антон Чехов көшесі, 43

265

Өнер мұражайының ғимараты (алтын өнеркәсіпші А.С. Меновщиковтың бұрынғы кеңсесі), 1914 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Тоқтаров көшесі, 56

266

Өскемен теміржол вокзалы, 1936 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Мызы көшесі, темір жол станциясы

267

"Рудный Алтай" газетінің баспаханасы (бұрынғы Халық Ағарту министрлігінің бастауыш мектебі), 1900 жыл 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Бажов көшесі, 12

268

"Сәуле" дүкені (бұрынғы "Савва Семенов және оның ұлдары" сауда үйі), 1910 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Антон Чехов көшесі, 52 

269

Сыра зауытының иесі Яворовскийдің үйі, 1908 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қ. Қайсенов көшесі, 65 

270

Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы Қалалық полиция басқармасы), ХХ ғасырдың басы 

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қ. Қайсенов көшесі, 40

271

"Теремок" ательесі, ХХ ғасырдың 50 жылдары

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

М. Горький көшесі, 70 

272

Троицкая шіркеуі, 1809 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Лихарев көшесі, 16

273

Халықтар достығы үйі (бұрынғы ерлер бастауыш мектебі), 1912 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Қазақстан көшесі, 63

274

Шарап дүкені, 1907 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Бейбітшілік көшесі, 25 

275

Энергетиктер мәдениет үйі ("Алтайэнерго"), ХХ ғасырдың 50 жылдары

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Бажов көшесі, 67

276

"Эхо" иллюзион (кинотеатры), 1911 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Антон Чехов көшесі, 54

277

Абай Құнанбайұлына ескерткіш, 2009 жыл

монументтік өнер құрылысы

Қазақстан көшесі, Республика алаңы

278

Жамбыл Жабаевқа ескерткіш, 2019 жыл

монументтік өнер құрылысы

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 59, Жамбыл атындағы қалалық саябақ

279

"Жұлдыздарға" мүсіні, мүсінші Е.В. Вучетич, сәулетші Л.И. Маковеев, 1962 жыл

монументтік өнер құрылысы

Протозанов көшесі, Орталық мәдениет үйінің алдында

280

Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті (1918-1919 жж.), авторы Н. Водозаборов, 1951 жыл

монументтік өнер құрылысы

Славский атындағы Ертіс жағалауы, Ертіс өзені көпірінің сол жағында 

281

Қабанбай батырға ескерткіш, 2014 жыл

монументтік өнер құрылысы

Өскемен қаласынан шыға берісте, Өскемен-Семей тас жолының бойында

282

"Қылыштан орақ құямыз" мүсіні, мүсінші Е.В. Вучетич, сәулетші Л.И. Маковеев, 1962 жыл

монументтік өнер құрылысы

Протозанов көшесі, Орталық мәдениет үйінің алдында

283

Потаниннің бейнесімен Үлбі металлургия заводының қызметкерлеріне арналған декоративтік монумент, мүсіншілер: А.Н. Бубель, В.Б. Самойлов, Х.М. Кульчаев, сәулетші С.П. Христофоров, 2002 жыл

монументтік өнер құрылысы

Потанин және Әміре Қашаубаев көшелерінің қиылысы

284

С. Аманжоловқа ескерткіш, сәулетшілер Е.А. Сергебаев, Б.А. Әбішев, 2007 жыл

монументтік өнер құрылысы

30 гвардиялық дивизия көшесі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғимаратының алдында 

285

С.М. Кировқа ескерткіш, мүсінші Н.А. Томский, 1938 жыл 

монументтік өнер құрылысы

"Қасым Қайсенов" саябағы

286

Устькаменная бекінісінің негізін қалаушыларға арналған декоративтік скульптура-субұрқақ, мүсінші В.С. Рапопорт, 1990 жыл

монументтік өнер құрылысы

Лихарев көшесі, 16, Андреев кафедралық соборының орталық алаңында

287

Ф.Э. Дзержинский бюсті, сәулетші П.Б. Шишов, В.С. Рапопорт, 1984 жыл

монументтік өнер құрылысы

Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 а

288

Я.В. Ушановқа ескерткіш, мүсінші Г.А. Огнев, сәулетші А.Н. Душкин, 1973 жыл

монументтік өнер құрылысы

Ушанов атындағы алаң

289

Бүкілодақтық симпозиумда кәсіпқой мүсіншілер орындаған мүсіншілік жұмыстардың ансамблі, 1989 жыл

ансамбльдер мен кешендер

Жамбыл атындағы саябақ

290

Жамбыл атындағы қалалық саябақ, 1899 жыл

ансамбльдер мен кешендер

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 59

291

Кеңестік классицизм стиліндегі құрылыстар ансамблі, Металлургтер мәдениет үйінің маңы (барлығы 4 ғимарат), ХХ ғасырдың 50 жылдары

ансамбльдер мен кешендер

Гоголь көшесі, 34, 36 (аркасы бар үй); Н. Назарбаев даңғылы, 66 (дүкені бар үй); Н. Назарбаев, 45,47 (тұрғын үйлер тобы)

292

"Қасым Қайсенов" саябағы (бұрынғы "Жастар" саябағы), 2005 жыл

ансамбльдер мен кешендер

Бейбітшілік, Қ.Қайсенов, А.Чехов, М.Горький көшелерінің қиылысы (тарихи орталық)

293

Устькаменная бекінісі, 1720 жыл

ансамбльдер мен кешендер

Үлбі өзенінің сағасы, "Стрелка" ауданы, монастырь аумағы

294

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен батырларға арналған "Жеңіс" мемориалдық кешені, авторы В.С. Рапопорт, 1995 жыл

ансамбльдер мен кешендер

Протозанов көшесінің, Славский атындағы Ертіс жағалауының қиылысы, "Стрелка" ауданы

Шемонаиха ауданы

295

Барашки 1 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-ХІ ғасырлар

археология ескерткіші

Барашки ауылынан шығысқа қарай 1 км

296

Барашки 2 қонысы, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы

археология ескерткіші

Барашки ауылынан шығысқа қарай 1 км

297

Вершина қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Рулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км

298

Верх-Уба қорымы, кейінгі ортағасыр

археология ескерткіші

Верх-Уба ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км

299

Заречное 1 қонысы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Заречный ауылынан оңтүстік -оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км

300

Заречное 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Заречный ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км

301

Захариха қоныстар тобы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Межовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км

302

Маринка қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың ортасы

археология ескерткіші

Зевакино ауылынан оңтүстік -оңтүстік-батысқа қарай 5 км

303

Орловка қорымы, ортағасырлар

археология ескерткіші

Волчанка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км

304

Тараданка 1 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Убинка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км

305

Тараданка 2 қорымы, ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Убинка ауылынан оңтүстік -оңтүстік-батысқа қарай 4 км

306

Убинка қонысы, ортағасырлар

археология ескерткіші

Убинка ауылынан солтүстік -солтүстік-шығысқа қарай 2 км

307

Шапаревка қорымы, қола дәуірі

археология ескерткіші

Рулиха ауылының шығыс шеті 2 км

308

Аурухана ғимараты, 1898 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Шемонаиха қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 40

309

Көпес Зоркальцевтың лабазы, 1909 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 41

310

Көпес Мұхамедшиннің лабазы, 1906 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 32

311

Көпес Филимоновтың дүкені, 1913 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 16

312

Өлкетану музейінің ғимараты (бұрынғы Ауылдық пристав үйі), 1911 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 55

313

Жазушы А. Ивановқа ескерткіш, авторы В.Б. Самойлов, 2008 жыл

монументтік өнер құрылысы

Шемонаиха қаласы, орталық саябақта

314

И.М. Астафьев және Т.С. Вербицкий ескерткіші, ХХ ғасырдың 60 жылдары

монументтік өнер құрылысы

Шемонаиха қаласы, Вербицкий мен Вокзальная көшелерінің қиылысы

315

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластар бейіті, 1919 жыл

монументтік өнер құрылысы

Барашки ауылы, ауылдың шетінде

316

Кеңес үкіметі үшін күрескендердің атылған жеріне қойылған ескерткіш белгі, 1922 жыл

монументтік өнер құрылысы

Шемонаиха қаласы, Фомин шоқысы

317

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластар бейітіндегі ескерткіш, ХХ ғасырдың 60 жылдары

монументтік өнер құрылысы

Убинка ауылы, Лермонтов көшесі, 36 а

318

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендердің бауырластар бейітіндегі ескерткіш, ХХ ғасырдың 60 жылдары

монументтік өнер құрылысы

Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 62 а

319

Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендерге ескерткіш, 1972 жыл

монументтік өнер құрылысы

Верх-Уба ауылы, Мир көшесі, 1а

320

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған мемориал, 1965 жыл

монументтік өнер құрылысы

Шемонаиха қаласы, көпірдің ар жағында, Уба өзені арқылы Шемонаиха-Өскемен трассасы бойында

321

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерге арналған құлпытас, XX ғасырдың 70 жылдары

монументтік өнер құрылысы

Камышенка ауылы, ауылдық әкімдік ғимаратының алдында

322

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерге арналған құлпытас, мүсіншілер В.А. Мягких, А.Ф. Роговский, А.В. Сидоркин, сәулетші А.И. Ключнев, 1975 жыл

монументтік өнер құрылысы

Первомайский кенті, Юбилейная көшесі, саябақта

323

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған құлпытас, 1980 жыл

монументтік өнер құрылысы

Усть-Таловка кенті, кенттің әкімшілік ғимараты алдындағы алаңда


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады