Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 287 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 8938-16 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 287 қаулысы қосымша

      1) "Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде номері 3981 болып тіркелген);

      2) "Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 373 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4824 болып тіркелген);

      3) "Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5673 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады