Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/85-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 8939-16 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталаған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз суының сапасы гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Рыпаков

 

      "Келісілді"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі
2023 жылғы "_____" _____________
      "Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және

қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы"

республикалық мемлекеттік
мекемесі
2023 жылғы "___"
_______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады