Өскемен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесiн бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2/2-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 8832-16 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 10/4-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 19.10.2023 № 10/4-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылға туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады