Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/4-VI "Глубокое ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4795 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері айқындалсын.";
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы | А. Калигожин |
Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 3/7-VIII Шешіміне қосымша |
|
Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/4-VІ шешіміне қосымша |
Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері
1. Осы Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген, "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
3. Оқытуға шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін әр балаға ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
4. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайларда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы; мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде мүгедектігі бар баланың мүгедектік мерзімінің аяқталуы; мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Бас тарту үшін негіздер және оқу шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген.