Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4795 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.07.2023 № 3/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.07.2023 № 3/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.07.2023 № 3/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 23.08.2022 № 23/2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов

  Глубокое
аудандық мәслихатының
2016 жылғы 30 қарашадағы
№ 7/4-VІ шешіміне қосымша

Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 23.08.2022 № 23/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.07.2023 № 3/7-VIII шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Глубокое ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген, "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін әр балаға ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

      4. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайларда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы; мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде мүгедектігі бар баланың мүгедектік мерзімінің аяқталуы; мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Бас тарту үшін негіздер және оқу шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады