Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы | А. Калигожин |
Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 5/6-VIII шешіміне қосымша |
Глубокое аудандық мәслихатының күштері жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 36/7-VI "Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 24/8-VI "Глубокое ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350 болып тіркелген).
2. Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/9-VI "Глубокое ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7643 болып тіркелген).
3. Глубокое аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 24/8-VІI "Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/9-VI "Глубокое ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі.