"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский кенті халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский кентінің Киров көшесі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский кентінің Мир көшесіне кайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Верхнеберезовский кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды камтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданы Верхнеберезовка кентінің әкімі | А. Избасаров |