Шектеу іс-шараларын алу және Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 4 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 9 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №18 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Ұзынжал ауылынан шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28022 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысы Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімідігінің ресми сайтында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А. Юсупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады