Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 10 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8404 болып тіркелген) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) әлеуметтік қолдау: диеталық бике, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы - әдіскер, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, медициналық мейіргер;".
көрсетілген қаулыға қосымшаның 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Көмекші персонал: кезекші әкімші, мұражай қараушысы, ассистент.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | Д. Қалиқан |