Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 10 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 8404 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, 37 – бабының 1, 2 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 - бабының 4 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 – бабының 4 - тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) айқындалсын.

      2. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 512 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6456 санымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) және Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 339 "Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 512 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7978 санымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сыдыковаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай ауданының әкімі Д. Қалиқан
      "КЕЛІСІЛДІ":
Катонқарағай аудандық
мәслихатының хатшысы __________
2021 жылғы "___" _______
Д. Бралинов

  2021 жылғы 1 ақпандағы
№ 10 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы ("Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары" коммуналдық мемлекеттік мекемелер), мәдениет пен мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшы орынбасары, сектор, бөлім, филиал басшысы.

      2. Негізгі персонал, салалар бойынша:

      1) әлеуметтік қолдау: диеталық бике, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы - әдіскер, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, медициналық мейіргер;

      2) мәдениет: мамандар, оның ішінде мұрағатшы, археограф, экскурсовод, барлық атаудағы әртіс, барлық атаудағы әдістемеші, балетмейстер, кітапханашы, барлық атаудағы суретші, музыкалық жетекші, режиссер.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 12.06.2023 № 209 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әкімшілік персонал: мемлекеттік мекемедегі және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы басшы (меңгеруші): кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекші, мәдени ұйымдастырушы, қор сақтаушысы, архивариус, инспектор.

      4. Көмекші персонал: кезекші әкімші, мұражай қараушысы, ассистент.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 12.06.2023 № 209 қаулысымен (алғашқыресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады