Катонқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 8/96-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қарашада № 8908-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

  Катонқарағай
аудандық мәслихаты
2023 жылғы 24 қазандағы
№ 8/96-VIII шешіміне қосымша

Катонқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Катонқарағай ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/162-V (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3344 болып тіркелген) шешімі.

      2. "Катонқарағай ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/162-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 27/202-V (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген) шешімі.

      3. "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/162-V "Катонқарағай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 13/133-V шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады