Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округі Марқакөл ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 6081,19 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | А. Акышов |
Мәслихат төрағасы | К. Бахтияров |