Күршім аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 5/12-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 8888-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күршім аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Күршім аудандық мәслихатының "Күршім аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы №20/5-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5589 болып тіркелді);

      2) Күршім аудандық мәслихатының "Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 20/5-VI "Күршім аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/12-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7319 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады