Тарбағатай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 8/10-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 8934-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай аудандық мәслихатының "Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3292 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      О. Канагатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады